Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі √25 мекемесінде семинар кеңес өтті

Ағымдағы 21 қараша күні Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі √25 мекемесіндегі сотталған азаматтарға Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Мүтан Азамат Маратұлы, облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-сарапшысы Тайчибеков Темірлан Арыстанбекұлы, АИТВ індетін эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің  эпидемиолог дәрігері Когай Виктор Геннадьевич, Алдын алу бөлімінің мейірағасы Қуанышбеков Руслан Дүйсенғалиұлы №5 емхана эпидемиолог дәрігері, Жамбыл облысы бойынша түзеу мекемелерінің медициналық бөлімдері кураторы Махмудов Кулмуханбет Сайранбайұлы “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз!” тақырыбы аясында семинар кеңес  өткізді.

Іс-шара барысында мамандар АИТВ – инфекциясынан  қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды, бүктемелер таратты.