Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы талқыланды

2025 жылдың 14 сәуірінде Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мәжіліс залында «Жамбыл облысы бойынша АИТВ-инфекциясының 2025 жылдың 1-тоқсаны мен 2024 жылдың 1-тоқсанын салыстыру және 2024 жылдың эпидемиологиялық жағдайы» бойынша жұмыс жиналысы өтті.

Жиынды орталықтың бас дәрігері Б.Қыдырбаев  ашып, күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді ортаға салды. Ол АИТВ инфекциясының алдын алу, ерте анықтау және тиімді емдеу шараларының маңыздылығына тоқталып, облыстағы эпидемиологиялық ахуалға сараптама жасады.

Келесі болып сөз алған бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г. Калметова орталық бөлімдерінің  «Жамбыл облысы бойынша АИТВ-инфекциясының 2024 жылдың 1-тоқсаны мен 2025 жылдың 1-тоқсандарындағы жұмыс қорытындылары бойынша баяндама жасады. Баяндамасында ерте диагностикалау, тәуекел топтарымен жұмыс, ақпараттық түсіндіру шаралары және диспансерлік есепке алу мәселелері жан-жақты қарастырылды.

Бағлан Жарылқасынұлы жиын барысында барлық бөлім басшыларына алдағы уақытта өз бағыттары бойынша жұмысты жүйелі жүргізу, тұрғындар арасында ақпараттандыру жұмыстарын күшейту және жаңа тәсілдер енгізу қажеттігін тапсырды.

Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, туындаған сұрақтарға жауап алды.