
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының эпидемиолог дәрігері Д. Абдраманова колледж студенттеріне
«АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында ақпараттық семинар өткізді.
Семинардың мақсаты — жастар арасында АИТВ және ЖЖБИ туралы ғылыми дәлелденген ақпарат тарату, алдын алу мәдениетін қалыптастыру, ақпараттық сауаттылықты арттыру және денсаулыққа жауапкершілікпен қарауды үйрету. Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау.
Шара барысында мамандар АИТВ-ның жұғу жолдары, қорғану тәсілдері, қауіпсіз мінез-құлықтың маңызы және қоғамдағы стигма мен кемсітушілікпен күрес туралы түсіндіріп, студенттердің сұрақтарына толық жауап берді.