Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жамбыл телерадиосына сұхбат берді

🔰 Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы М. Бегманова «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен Жамбыл телерадиосында “Денсаулық” хабарына сұхбат берді.

🔹 Сұхбат барысында Мереке Сабитқызы аудиторияға АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары, қазіргі замандағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы жөнінде толық ақпарат берді.

✅ Сонымен қатар, сұхбатта халықтың ақпараттану деңгейін көтеру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыру және стигма мен кемсітушілікке жол бермеу әрекеттерінің маңыздылығы кеңінен талқыланды.