
Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының инфекционист дәрігері К.Сметова «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» атты науқан аясында Жамбыл телерадиосында “Денсаулық” хабарына сұхбат берді.
Сұхбат барысында Кулмира Есмуратовна аудиторияға Қазақстандағы, соның ішінде Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайын атап өтіп, өңірдегі алдын алу шараларының өзектілігі мен тұрақты ақпараттық жұмыстың маңызын түсіндірді.
Одан әрі АИТВ-инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары, қазіргі замандағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы жөнінде толық ақпарат берді.
Сонымен қатар, сұхбатта халықтың ақпараттану деңгейін көтеру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау көзқарасын қалыптастыру және стигма мен кемсітушілікке жол бермеу әрекеттерінің маңыздылығы кеңінен талқыланды.