2023 жылдың 27 маусымында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының базасында БМСК медицина қызметкерлері арасында облыстық семинар өткізілді. Халықты АИТВ-инфекциясына тексеру, жүкті әйелдермен жұмыс жүргізу мәселелері талқыланды. Медицина қызметкерлеріне жедел тестілеу жүргізу әдістемесі оқытылды, сондай-ақ тұрғындарды парентеральды вирусты гепатитке тексеру жұмыстары талқыланды.
Жамбыл ЖИТС орталығында өткен семинар
