22 қарашада Жамбыл жоғары медициналық колледжінде облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И.Досымова, психолог Г.Салпыкова және медбике Э.Ибрагимова жоспарға сәйкес “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз!” атты тақырыпта лекция өтті.
Іс-шара барысында студенттерге АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды, бүктемелер таратты.
Өзінің АИТВ статусын білуге ниет білдіргендер жедел тесттілеуді экспресс әдісімен тапсыру мүмкіндігі болды.