Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жасөркен ауылындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектепте ақпараттық дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы М.Бегманованың қатысуымен жоғары сынып оқушыларына арналған ақпараттық дәріс ұйымдастырылды.
Кездесу барысында АИТВ инфекциясының алдын алу, ЖЖБИ, қауіпсіз мінез-құлық және салауатты өмір салты туралы маңызды мәліметтер берілді.
Дәрістен кейін оқушылармен сұрақ-жауап форматындағы танымдық ойындар өткізіліп, қатысушылар белсенділік танытты. Сонымен қатар, ақпараттық бүктемелер таратылды.
Іс-шара соңында оқушылар мамандардан өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауаптар алды.