Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жасөспірімдермен спорттық іс-шара өтті!

🔰 Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мен «Мейрім» жастар денсаулық орталығы бірлесе отырып, №28 орта мектепте «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен спорттық іс-шара өткізді.
🔹Мақсаты: Жастар арасында АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу, денсаулыққа жауапты көзқарас қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар, жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру көзделді.
🔹Іс-шара барысында ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И. Досымова қатысушылармен ашық әңгіме жүргізіп, АИТВ-ның алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық және салауатты өмір салтының маңызы туралы кеңес берді.
📄 Қатысушыларға ақпараттық бүктемелер мен жадынамалар таратылып, әркімнің өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауының маңызы ерекше атап өтілді.
💉 Сонымен қатар, ЖИТС орталығының маманы Э. Ибрагимова ниет білдірген мектеп ұжымының қызметкерлеріне жедел тест жүргізді.