Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жастар денсаулығына арналған ақпараттық іс-шара

Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы мен Жамбыл аудандық орталық емхана жанындағы «Сенім» жастар денсаулық орталығы бірлесіп, жасөспірімдер арасында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен топтық жарыс ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жастарға АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар туралы дұрыс ақпарат беру, жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Шара барысында оқушылар өнер көрсетіп, қойылымдар қойып, би билеп, өлең оқыды. Сонымен бірге АИТВ тақырыбындағы танымдық ойындарға белсенді қатысты. Жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларына дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.
Соңында қатысушыларға ақпараттық бүктемелер мен жадынамалар таратылды.