Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жастар денсаулық орталықтарына арналған семинар

25.08.2023 жылы Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары облыстың жастар орталықтары үшін семинар-тренинг өткізді. Семинардың тақырыбы: ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-285/2020 бұйрығына сәйкес АИТВ  жеке алдын алу саласында жастарға кеңес беру, сондай-ақ АИТВ  жедел-әдіспен тексеру (41, 44, 46-тармақшалар).

41. ЖДО мамандары ЖЖБИ (жыныс мүшелерінің кандидозы, трихомониаз, уреаплазмоз, микоплазмоз, хламидиоз, жыныс герпесі, папилломовирустық инфекция (аногенитальды сүйелдер), гонорея, мерез (жедел тест), АИТВ-инфекциясы (жедел тест), сондай-ақ В және С вирустық гепатиттері) диагностикасын жүргізеді.

44. ЖДО-да мерез, гонококк инфекциясы, шанкроид, шап гранулемасы, АИТВ-инфекциясын қоспағанда, ЖЖБИ емдеу жүргізіледі.

46. ЖДО мамандары АИТВ-инфекциясының болуына күдікті жасөспірімдер мен жастарды кейіннен диагностикалау, емдеу және бақылау үшін АИТВ-инфекциясының алдын алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді.