Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жедел тестілеу бойынша тренинг

10 ақпан, жұма күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының, атап айтқанда эпидемиологиялық қадағалау, алдын алу және емдеу бөлімдерінің қызметкерлері «Жедел-тесттерді пайдалана отырып, АИТВ тестілеу сапасын бақылау» тренингіне қатысты. Оқытуды Қазақ ұлттық тері және жұқпалы аурулар орталығы Zoom бағдарламасы арқылы қашықтан жүргізді. Тренингте капиллярлық қан алу, нәтижелерді оқу және интерпретациялау арқылы жедел-тест орнату әдісі және жиі кездесетін қателер қарастырылды.