2023 жылдың 16 ақпанында Жамбыл Облыстық ЖИТС орталығында ИФТ зертханасының меңгерушісі В.М.Каримова эпидемиологиялық қадағалау, алдын алу және диспансерлік бақылау бөлімдерінің қызметкерлері арасында оқыту семинарын өткізді. Семинар-тренингтің тақырыбы 4-ші буынның жедел-тесттерін қолдану арқылы жедел-тестілеуді жүргізу. Іс-әрекеттердің бүкіл алгоритмі, нәтиже нұсқалары, олардың оқылуы, жиі жіберілетін қателер талданды.