Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ЖИТС орталығының мамандары Жамбыл ауданында болды

Жамбыл ауданы, Аса ауылы №1 мектепте Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының психолог маманы М.Бегманова жоғары сынып оқушыларына арналған ақпараттық дәріс өткізді.
Кездесу барысында маман Қазақстан Республикасындағы және Жамбыл облысындағы АИТВ инфекциясының қазіргі эпидемиологиялық ахуалына тоқталып, өңірде жүзеге асырылып жатқан алдын алу шаралары мен тұрақты ақпараттық жұмыстың маңыздылығын түсіндірді.
Дәріс аясында АИТВ инфекциясының, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) және басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары, қауіпсіз мінез-құлық қағидалары мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы кеңінен қамтылды.
Ақпаратты бекіту мақсатында тақырыпқа сәйкес танымдық ойындар ұйымдастырылып, оқушылар белсенді түрде қатысып, өз білімдерін шыңдады.
Сонымен қатар, ЖИТС орталығының мейірбикесі А.Кокибаева оқушыларға ақпараттық бүктемелер таратып, қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу соңында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты әрі кәсіби жауаптар алды.