Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жолдауға үндеу

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты кезекті Халыққа жолдауын үлкен қызығушылықпен тыңдадым. Жолдау еліміздің даму бағытын нақты айқындайтын 9 негізгі бағдардан құралған.

Президент Жолдауында еліміздің экономикалық өсімін қамтамасыз етуге, заң үстемдігін нығайтуға және қоғамдық оптимизмді арттыруға бағытталған нақты қадамдар көрсетілді. Бұл қадамдар біздің мемлекетіміздің одан әрі дамуына маңызды үлес қосады деп сенемін.

Сонымен қатар, Жолдауда медицина сапасын арттыру мәселесі де ерекше атап өтілді. Президент денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және халықтың денсаулығын қорғау бағытында маңызды тапсырмалар берді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру еліміздің медициналық жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, әрбір азаматтың сапалы медициналық көмек алуына кепілдік береді.

Бұл Жолдау біздің еліміздің болашағын жарқын етіп, Әділетті Қазақстан құру жолында маңызды қадамдар жасауға шақырады.

Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының бас дәрігері Қыдырбаев Бағлан Жарылқасынұлы