
24 қараша күні Жуалы аудандық орталық ауруханасында дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні қарсаңында «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» тақырыбында семинар өтті.
Семинар барысында эпидемиологиялық жағдай мен АИТВ инфекциясының алдын алу жөніндегі профилактикалық шаралар талқыланды. Әсіресе жастарды АИТВ-дан сақтандыру, оларға дұрыс ақпарат беру және қауіпті мінез-құлықтан сақтандыру қажеттілігіне ерекше көңіл бөлінді.
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері И.Досымова семинарға қатысып, АИТВ-ның таралуының алдын алу үшін медициналық мамандардың рөлі, қоғамдық денсаулықты сақтау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Ол халық арасында профилактикалық жұмыстарды күшейту, ақпараттық науқандарды жиі ұйымдастыру және жастарды дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету маңыздылығын атап өтті.
Семинар соңында жастар денсаулық орталығының жұмысымен танысу шарасы өтті. Орталықтың қызметі жастар арасында денсаулық сақтау мәселелеріне қатысты кеңестер беру, сондай-ақ АИТВ-ның алдын алу мен оған қатысты дұрыс түсінік қалыптастыруға бағытталған.