13 наурыз, Жамбыл ЖИТС орталығының қызметкерлері, атап айтқанда зертхана бөлімі, «жедел-тесттерді пайдалана отырып, АИТВ тестілеу сапасын бақылау» оқыту тренингіне қатысты. Тренингті Zoom бағдарламасының көмегімен Қазақстандық Ұлттық Дерматология және Жұқпалы Аурулар Орталығы қашықтан жүргізді.
Тренингте капиллярлық қан алу арқылы жедел тест қою әдісі, нәтижелерді оқу және түсіндіру, жиі қателіктер қарастырылды.