Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт«Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМКК сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМКК-де 2026 жылғы 04 шілде мен 02 тамыз аралығында 2025 жылғы 26 маусымнан 2026 жылғы 26 маусымға дейінгі қызмет кезеңі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін болады.

Іс-шараның мақсаты – Кәсіпорын қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ анықталған тәуекелдерді және оларды барынша азайту бойынша әзірленген шараларды талқылау.

Нәтижелерді жария талқылау 2026 жылғы 24 шілдеде сағат 11:00-де онлайн форматта өтеді.

Мүдделі тұлғалар, қоғам өкілдері, сарапшылар қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері талқылауға қатысып, өз ұсыныстары мен ескертулерін жолдай алады.

Өткізу уақыты, орны және қатысу тәртібі туралы қосымша ақпарат Кәсіпорынның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

 

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУДЫ ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жамбыл облыстық жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМКК (бұдан әрі – Кәсіпорын) СЖҚІ №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін қоғамдық талқылауды өткізуді жоспарлап отыр.

Кәсіпорын қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау келесі екі бағыт бойынша жүргізілді:

1.Кәсіпорын қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2.Кәсіпорынның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Осыған байланысты барлық ниет білдіруші тұлғаларды 2026 жылғы 24 шілдеде сағат 11:00-де мына мекенжай бойынша өтетін қоғамдық талқылауға қатысуға шақырамыз: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 64.

Байланыс тұлғасы: комплаенс-офицер А. Пронина

Телефон: +77057330926

Электрондық пошта: aidstaraz@yandex.kz

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің кейбір мәселелері туралы бұйрық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ СТАНДАРТ

Жұмыскерлердің өздерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға итермелеу жағдайлары туралы жұмыс берушіге хабарлау тәртібі 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплеанс- қызметі туралы ережесі