Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты кезекті Жолдауын жариялады.

Еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму келешегіне қатысты мәселелер қамтылған Президент Жолдауын Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігерімен бірге қызметкерлері ұжым болып тыңдады.

«Біздің мемлекетіміздің ұзақ мерзімді даму перспективалары туралы нақты көзқарасымыз бар. Алға қойған жоғары мақсаттарға жету үшін біз ұйымшылдықты сақтап, өзара қолдау мен құрмет көрсетуіміз керек. Бірліктің арқасында біздің халқымыз әр түрлі сын-қатерлерді еңсере білді. Бұл алдағы уақытта да солай болады. Отанымызды әділетті және дамыған мемлекетке айналдырайық, онда әркім өз кәсібін тауып, армандарын жүзеге асыра алатын болады.

Біздің ортақ жоғары миссиямыз – болашақ ұрпақ үшін әділ Қазақстан, барлығына тең мүмкіндіктер мемлекетін құру. Ол үшін Мемлекет басшысы ретінде бар күшімді саламын. Мен сіздердің ортақ мақсат үшін тынымсыз еңбек ететіндеріңізге сенімдімін”,- деді Қ.Тоқаев.