Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының ұйымдастыруымен №67 мекеме РММ базасында семинар өтті. Семинарды орталықтың алдын алу бөлімінің дәрігері Досымова Индира және эпидемиология бөлімінің дәрігері Когай Виктор өткізді. Іс-шараға №25, 26, 58, 59 РММ медициналық пункттерінің меңгерушілері қатысты.
Семинар барысында екі маңызды құжат қаралды:
ҚР ДСМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 «АИТВ-инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық тексеру қағидаларын бекіту туралы».
ҚР ДСМ 2020 жылғы 19 қазандағы № ҚР ДСМ-137/2020 «АИТВ-инфекциясының алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы».
Бұл шара АИТВ-инфекциясының алдын алу және медициналық тексеру қағидаларын түсіндіру мақсатында өтті.