Жастар – елдің болашағы, ал олардың денсаулығы мен білім деңгейі еліміздің дамуында маңызды рөл атқарады. Мемлекет басшысы 1-қыркүйекте жолдаған Жолдауында жастарға ерекше назар аударып, денсаулық сақтау саласындағы түбегейлі өзгерістер қажеттігін атап өтті.
2024 жылдың 18 қыркүйегінде Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Досымова Индира «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» студенттері арасында АИТВ инфекциясының алдын алу мақсатында семинар-тренинг өткізді.
Жиында қаралған тақырыптар:
• АИТВ инфекциясынан қорғау шаралары: Инфекцияның берілу жолдары, профилактика шаралары.
• Стигма және кемсітушілік: АИТВ-позитивті адамдарға қатысты көзқарастарды өзгерту.
Сонымен қатар семинарда студенттермен пікір алмасып, сұрақ-жауаптар алып және экспресс тестілеу жүргізілді.
Бұл шара жастар арасында АИТВ инфекциясына қатысты білім мен ақпаратты арттыру, сондай-ақ стигма мен кемсітушілік мәселелеріне назар аудару мақсатында ұйымдастырылды. Жастардың белсенді қатысуы мен пікір алмасуы іс-шараның нәтижелілігін арттырып, ақпаратты дұрыс түсінуге көмектесті.