Ағымдағы 21 қараша күні Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі √25 мекемесіндегі сотталған азаматтарға Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы Мүтан Азамат Маратұлы, облыстық ЖИТС орталығының дәрігер-сарапшысы Тайчибеков Темірлан Арыстанбекұлы, АИТВ індетін эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері Когай Виктор Геннадьевич, Алдын алу бөлімінің мейірағасы Қуанышбеков Руслан Дүйсенғалиұлы №5 емхана эпидемиолог дәрігері, Жамбыл облысы бойынша түзеу мекемелерінің медициналық бөлімдері кураторы Махмудов Кулмуханбет Сайранбайұлы “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз!” тақырыбы аясында семинар кеңес өткізді.
Іс-шара барысында мамандар АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды, бүктемелер таратты.