Тараз қаласының білім бөлімінің №22 орта мектебінің акт залында облыстық ЖИТС орталығының мамандары Бегманова Мереке Сәбитовна және Салпыкова Гулжан Жетпісбаевна “Адам құқықтары жолында – дұрыс жолды таңдаңыз” атты тақырыпта оқушыларға тренинг өткізді.
Іс-шара барысында мамандар АИТВ – инфекциясынан қорғану шаралары мен берілу жолдары, стигма, АИТВ позитивті адамдарға қатысты кемсітушілікке жол бермеу туралы дәріс оқыды.