Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығы облыс тұрғындарына АИТВ инфекциясының бар-жоғына міндетті құпия медициналық зерттеп-қарау қағидаларын негізге ала отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ЖИТС/АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Бұл шаралар АИТВ инфекциясын анықтау мақсатында иммуноферментті талдау әдісімен тест қабылдап, халық арасында дұрыс түсінік қалыптастыруға хабардар етуге бағытталған.
15-16 қаңтар күндері облыстық ЖИТС орталығының мамандары Д.Еркулова және Р.Куанышбекова ЖИТС/АИТВ инфекциясының алдын алу және оның таралуын болдырмау мақсатында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталықтарында қызмет көрсетті. Халық арасында алдын алу жұмыстар жүргізу өте маңызды. Өйткені бұл қоғамды ЖИТС/АИТВ инфекциялық аурулардан қорғаудың тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Халық арасында ЖИТС/АИТВ инфекциясының алдын алу жұмыстары жүргізілуде
