2025 жылдың 7 ақпанында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында «Халықтың негізгі топтары мен АИТВ-инфекциясымен өмір сүретін адамдарды алдын-алу бағдарламаларымен қамту мақсатында МӘТ қаражатын бөлу» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстелге «Тараз – Анти ВИЧ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының жобаларының үйлестірушісі Р.Перзадаев «Узбекский-центр» қоғамдық бірлестігінен А.Зайнутдинов, «КЗГП» қоғамдық бірлестігінен И.Федорова, «Volontergroup08» төағасы Р.Ташметов, аутрич жұмысшы К.Осеров, «Тараз Анти-ВИЧ» қоғамдық бірлестігінің жұмысшысы Г.Геронтиди және ЖО ЖИТС орталығының жауапты қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелді Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Бағлан Кыдырбаев ашып, қатысушыларға іс-шараның маңыздылығын түсіндіріп, халықтың осал топтарын және АИТВ инфекциясымен өмір сүретін адамдарды алдын-алу бағдарламаларымен қамту үшін қажетті МӘТ қаражатын бөлу мәселелерін талқылау қажеттігін атап өтті. Бағлан Джарлықасынұлы «2024 жылғы Жамбыл облысындағы АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы» туралы толық мәлімет беріп, соңғы жылдардағы статистикалық көрсеткіштер мен инфекцияның таралу динамикасы туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, АИТВ инфекциясының алдын алу және осы мәселеге байланысты қоғамдық жауапкершілікті арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы да айтып өтті.
Келесі кезекте «Тараз – Анти ВИЧ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының жобаларының үйлестірушісі Рамиль Перзадаев «Туберкулезге қарсы күрес» бағдарламасы аясында Жамбыл облысының ҮЕҰ үшін «ТБ және ККТДТ туберкулезбен ауыратын және АИТВ-инфекциясымен ауыратын науқастардың алдын алу, анықтау және емдеуді ұстанудың инновациялық тәсілдері» мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске асыру тәжірибесі туралы баяндама жасады. Ол туберкулез және АИТВ инфекциясы арасындағы өзара байланыс, осы екі дертпен күресудің жаңа тәсілдері және ҮЕҰ қатысуының маңыздылығы жөнінде егжей-тегжейлі айтып өтті.
Дөңгелек үстел барысында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Гүлжан Калметова «Туберкулезге қарсы күрес» бағдарламасы бойынша Жамбыл облысының ҮЕҰ арналған «Тәуекел тобынан шыққан АИТВ-инфекциясы бар науқастардың алдын алу, анықтау және емдеудің инновациялық тәсілдері» тақырыбында баяндамасын ұсынды. Оның баяндамасында АИТВ мен туберкулездің таралуына қарсы күресудің тиімді әдістері мен бағдарламаларды жүзеге асырудың маңызды аспектілері қарастырылды.
Қатысушылар баяндамашылардың сөздерінен кейін сұрақтар қойып, пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын талқылады. Іс-шараның соңында Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Бағлан Кыдырбаев дөңгелек үстелдің қорытындысын жасап, АИТВ және туберкулез инфекциясының алдын алу бойынша жұмысты күшейту қажеттігін айтты. Ол мемлекет пен қоғам бірлесіп атқарған жұмыстың ғана тиімді болатындығын және облыс бойынша алдын-алу шараларын жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Бұл дөңгелек үстел отырысы Жамбыл облысындағы АИТВ және туберкулез инфекциясына қарсы күрес бағытындағы жұмыстарды одан әрі жетілдіруге ықпал ететін маңызды бастама болды.