Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Сөйлеу мәдениеті мен медициналық этика тақырыбында семинар өтті

🔹Жамбыл облыстық жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында ЖИТС орталығының қызметкерлеріне арналған маңызды семинар өткізілді. Бұл іс-шараның басты мақсаты – қызметкерлерге сөйлеу мәдениеті, медициналық этика және деонтология тақырыптарында терең түсінік беру, кәсіби қарым-қатынас деңгейін арттыру және жұмыс барысында кездесетін этикалық мәселелерді дұрыс шешу әдістерін көрсету болды.
🔹Семинарды ЖО ЖИТС орталығы бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Калметова жүргізіп, қатысушыларға семинардың маңыздылығын түсіндірді. Гулжан Алдабергенқызы өз сөзінде дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің кәсіби мәдениеті мен моральдық жауапкершілігінің жоғары болуы қажет екендігін және бұл қасиеттердің науқастарға медициналық көмек көрсету сапасына тікелей әсер ететінін атап өтті. Сондай-ақ, дәрігерлер мен медициналық қызметкерлердің жұмыс барысында этикалық талаптарды сақтау олардың кәсіби имиджін қалыптастырып, науқастармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретіндігін ескертті.​
🔹Семинар барысында медициналық көмек көрсету барысында науқастардың құқықтарын құрметтеу, олардың жеке өмірін қорғау, сондай-ақ науқастармен адамгершілік қатынас орнатудың мәні туралы айтып өтті. Сонымен қатар, қызметкерлерге науқастармен дұрыс сөйлесу, олардың мәселелеріне назар аудару, сұрақтарына түсінікті әрі нақты жауап беру дағдылары бойынша кеңестер берілді. Қарым-қатынас мәдениеті тек науқастармен ғана емес, әріптестермен де дұрыс әрі тиімді жұмыс істеу керектігі айтылды.
🔹Семинар соңында қатысушылар этикалық сұрақтарға қатысты өз тәжірибелерімен бөлісіп, алған білімдерін жұмыс барысында қалай пайдалану керектігі туралы пікір алмасып, тәжірибе алмасты.