🔰Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева және психолог М.Бегманова Жамбыл облыстық полиция департаменті қызметкерлері үшін АИТВ инфекциясының алдын алуға арналған семинар өткізді. Семинардың мақсаты – АИТВ инфекциясының қауіптерін түсіндіру және оның алдын алу шаралары жөнінде білім беру болды.
🔹Семинар барысында облыстық ЖИТС орталығының мамандары АИТВ инфекциясының таралу жолдары, оның алдын алу тәсілдері мен инфекциядан қорғану шаралары туралы жан-жақты баяндама жасады. АИТВ инфекциясының берілу жолдары мен оны болдырмаудың маңызды әдістері егжей-тегжейлі түсіндірілді.
🔹Семинар соңында қатысушыларға АИТВ/ЖИТС туралы ақпараттық оқу материалдары таратты. Ал, эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мейірбикесі А.Оркова өз еріктерімен ниет білдірген полиция қызметкерлерінен АИТВ инфекциясына жедел тест алды. Бұл іс-шара қызметкерлердің жеке денсаулығына қамқорлық көрсету және АИТВ инфекциясының таралуын бақылауда ұстау үшін маңызды болды.
✅Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы осындай семинарларды үнемі өткізіп, халық арасында АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл шаралар қоғамда осы маңызды мәселе туралы түсінік қалыптастыруға және АИТВ инфекциясының таралуына қарсы күрестің тиімділігін арттыруға бағытталған.
АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинар өтті
