🔰Тараз қаласының білім бөлімінің №31 орта мектебінде облыстық ЖИТС орталығының психологы Г. Шамурзаева оқушылармен АИТВ инфекциясының алдын алу туралы маңызды дәріс өткізді. Бұл шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс ақпарат беру және олардың осы инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы білімін арттыру болды.
🔹Дәріс барысында Г. Шамурзаева АИТВ/ЖИТС туралы негізгі ақпараттарды ұсынып, инфекцияның таралу жолдарын жан-жақты түсіндірді. Оқушыларға АИТВ-ның адам ағзасына қалай әсер ететіндігі және оны жұқтырудың мүмкін жолдары, сондай-ақ инфекцияның алдын алу тәсілдері туралы мәлімет берілді.
🔹Дәріс барысында бейнемазмұн көрсетіліп, арнайы дайындалған ақпараттық бүктемелер таратылды. Сонымен қатар, Г. Шамурзаева дәрісте «Стигма мен кемсітушілік» тақырыбына да тоқталып, әрбір адамға құрметпен қараудың және адамгершілік құндылықтарды сақтау қажеттілігін атап өтті.
№31 орта мектебінде дәріс өтті
