Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының психологы М.Бегманова және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығының маманы Р.Махамбетова бірлесіп, жоспарға сәйкес Қазіргі заман гумманитарлық-техникалық колледжінің студенттеріне АИТВ-инфекциясының алдын алу бойынша семинар өткізді. Іс-шараның басты мақсаты — жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралуын болдырмау, дұрыс әрі нақты ақпарат беру, сондай-ақ зиянды әдеттер мен әлеуметтік қауіптерден сақтануға шақыру.
Семинар барысында Мереке Сабитқызы АИТВ инфекциясының жолдары, алдын алу әдістері, сондай-ақ инфекцияның таралуына ықпал ететін факторлар туралы толық ақпарат ұсынылды. Студенттерге АИТВ-мен өмір сүріп жатқан адамдарға қатысты дұрыс қарым-қатынас, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу, оларды қолдау және қоғамдастықтың бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауы қажеттігі туралы да түсінік берілді. Сондай-ақ, жастарды өз денсаулығын сақтауға, қауіпсіз және жауапкершілікті өмір салтын ұстануға шақырды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша студенттер өз сауалдарын қойып, ақпаратпен толық танысты.