🔰Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева мен психолог маманы М.Бегманова Тараз қаласында орналасқан 01731 әскери бөлімі қызметкерлеріне АИТВ-инфекциясын алдын алу бойынша семинар өткізді. Семинардың мақсаты – әскери қызметкерлер арасында АИТВ инфекциясының таралуын болдырмау, алдын алу шаралары мен жұқтыру жолдары туралы ақпарат беру болды.
🔹Семинар барысында Сара Шадиярбекқызы АИТВ жұқтыру жолдарын, оның алдын алу шараларын түсіндіріп, инфекцияның денсаулыққа тигізетін әсері туралы баяндады. Сонымен қатар, Мереке Сәбитқызы психологиялық аспектілерге көңіл бөліп, денсаулық сақтау мен өз мәртебесін білу қажеттілігін түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Психолог маман әскери қызметкерлерге ауру туралы қорқыныш пен теріс түсініктерден арылып, еркін әрі дұрыс ақпарат алу қажеттігін атап өтті.
🔹Семинар соңында әскери қызметкерлер АИТВ-ға қатысты сұрақтарын қойды. Әскери қызметкерлер орталық мамандарына жыл сайын осындай алдын алу жұмыстарын келіп жүргізуді және қызметкерлердің өз АИТВ мәртебесін білу үшін ИФТ сынамасын алса деген ойларын жеткізді. Өйткені АИТВ инфекциясы туралы түсініктерді тереңдетіп, алдын алу шараларына қатысу әрбір қызметкердің денсаулығы үшін өте маңызды екендігін айтты.
🔹Семинар өту кезінде Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының медбикелері Э.Ибрагимова мен Г.Иманбаева әскери бөлімінің 125 қызметкерінен ИФТ сынамасы үшін қан алды. Бұл шара әскери қызметкерлер арасында АИТВ мәртебесін анықтау және инфекцияның алдын алу жұмыстарына белсенді қатысу үшін ұйымдастырылды. Қан алынған қызметкерлерге сынама нәтижелері жеке түрде беріледі, ал қажет болған жағдайда қосымша кеңестер мен денсаулық сақтау шаралары ұсынылатын болады.
✅Осылайша, аталмыш семинар мен медициналық іс-шаралар әскери бөлімдегі қызметкерлер арасында АИТВ инфекциясының алдын алу туралы білімді арттыруға, денсаулық сақтау шараларына қызығушылықты оятуға және аурудың таралуын болдырмауға бағытталған маңызды қадам болды.