Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

№6 қалалық емханасының алдын алу бөлімі қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті

 

🔰Жамбыл облыстық АИТВ-инфекциясын алдын алу орталығының мамандары, эпидемиолог дәрігері С.Дулатбаева және психолог М.Бегманова №6 қалалық емханасының алдын алу бөлімі қызметкерлеріне әдістемелік көмек көрсетті.
🔹2025 жылдың басынан бастап №6 қалалық емханасының жастар денсаулығы орталығында жастар арасында АИТВ инфекциясына экспресс-тест жүргізу басталды. Бұл тестілеу жастардың өз денсаулықтарын бақылап, ерте кезеңде АИТВ инфекциясын анықтау мақсатында қолға алынған. Сонымен қатар, тестілеу нәтижелері бойынша қажетті кеңестер беріледі. Арнайы осы жұмыстарды бақылау үшін барған мамандар АИТВ бойынша жауапты қызметкерлеріне алдын алу шараларын тиімді ұйымдастыру мен жүзеге асыру бойынша кеңестер берді.
✅Сондай-ақ, эпидемиолог дәрігер мен психолог алдын алу жұмыстардың сапасын арттыру үшін бірқатар кемшіліктерді түзеу қажеттігін атап өтті.​
🔹Емханада бірнеше маңызды бөлімдер жұмыс істейді, олардың ішінде: Жастар денсаулығы орталығы, зиянды әдеттерден бас тарту және салауатты өмір салтын насихаттайтын ЗОЖ кабинеті, жалпы денсаулықты сақтау және алдын алу шараларын жүргізетін Денсаулықты сақтау кабинеті, отбасын жоспарлау және репродуктивті денсаулық мәселелерімен айналысатын Отбасын жоспарлау кабинеті, кез-келген жастағы азаматтарға арналған Денсаулық мектебі, қарттар үшін арнайы арналған Қарттар мектебі.
🔹Бұл бөлімдер арқылы тұрғындарға профилактикалық тексерулер, кеңестер мен ақпараттар ұсынылады. Поликлиниканың психологтары өздеріне бекітілген жауапты мектептерінде және бір теміржол колледжінде АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша семинарлар мен тренингтер өткізіп, студенттер мен мектеп оқушыларына салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жұмыстарды жүргізеді.