🔹Жамбыл облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес орталығында Бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік және эпидемияға қарсы жұмыс жөніндегі орынбасары Г.Калметованың жетекшілігімен емдеу бөлімінің меңгерушісі мен дәрігерлерінің қатысуымен жұмыс жиналысы өткізілді.
✅Қаралған мәселелердің қатарында:
•АӨСА емінің тиімділік көрсеткішін арттыруға кедергі болып отырған жайттар және оларды шешу жолдары;
•Динамикалық бақылаудан және емдеуден қол үзіп қалған науқастарды қайтадан диспансерлік бақылауға алу және емдеуге тарту;
•Жаңа анықталған науқастарды дер кезінде тіркеу және эпидемиолог мамандармен бірлесіп сапалы эпидемиологиялық зерттеулер жүргізу қажеттілігі.
🔹Жиналыс барысында аталған мәселелер бойынша нақты ұсыныстар айтылып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жұмыстар жоспарланды. Мақсат – әрбір науқастың уақтылы және сапалы ем алуына жағдай жасау арқылы АИТВ індетінің таралуын төмендету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру.