Тараз қаласының білім бөлімінің №24 гимназиясында облыстық ЖИТС орталығының психологы Г. Шамурзаева жоғарғы сынып оқушыларына АИТВ инфекциясының алдын алу туралы маңызды дәріс өткізді. Бұл шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында АИТВ/ЖИТС туралы дұрыс ақпарат беру және олардың осы инфекцияның таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы білімін арттыру болды.
ЖИТС орталығының психолог маманы оқушыларға АИТВ/ЖИТС туралы негізгі ақпараттарды ұсынып, инфекцияның таралу жолдарын жан-жақты түсіндірді. Оқушыларға АИТВ-ның адам ағзасына қалай әсер ететіндігі және оны жұқтырудың мүмкін жолдары, сондай-ақ инфекцияның алдын алу тәсілдері туралы мәлімет берілді.
Дәріс барысында бейнемазмұн көрсетіліп, арнайы дайындалған ақпараттық бүктемелер таратылды. Сонымен қатар, Г. Шамурзаева дәрісте «Стигма мен кемсітушілік» тақырыбына да тоқталып, әрбір адамға құрметпен қараудың және адамгершілік құндылықтарды сақтау қажеттілігін атап өтті.