Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-түзету жүйесі Департаментінің (ҚТЖД) медициналық қызмет мекемелерінің қызметкрелерімен ЖИТС-тен қаза б олғандарды Халықаралық еске алу күніне орай семинар-жиналыс өткізілді. Семинар жұмысына ҚТЖД басшысының орынбасары әділет полковнигі Жапашева Б.Т., әділет капитаны Абдибай Е.М., санитарлық дәрігер Махмудов К.С. қатысты. Алға қойылған бірлескен міндеттер мен оларды шешу жолдары жөнінде мәселелер үкіметтік емес ұйымдармен және Жамбыл облыстық ЖИТС орталығымен талқыланды. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының эпидемиолог дәрігері Когай Виктор пенитенциарлық мекемелердегі АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы айтса, инфекцияонист дәрігер Байдаулетова Гульнар ЖД 158/1 мекемесінде тергеуге алынғандар мен тұтқындалғандарды АИТВ-ға тексеру және есепке алу жайында айтты. «Салауатты Өлке Жан Нұр» АҚ жұмысы туралы қордың директоры Арынбаева З.А. , сонымен қатар «Қызыл жартыай қоғамдастығының» директоры Тастемирова О.Т. ақпарат берді