Тараз политехникалық колледжінде студенттерге мазмұнды шара ұйымдастырылды. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары – психолог М.Бегманова мен мейірбике Б.Салменбаева студенттермен «Отбасын жоспарлау» жайында ашық диалог жүргізді.
Кездесу барысында қатысушыларға арнайы видеороликтер көрсетіліп, қызықты тренингтер ұйымдастырылды. Шара мақсаты – жастардың репродуктивті денсаулығы туралы түсінігін тереңдету және өз болашағына жауапкершілікпен қарауға үндеу.
Мамандар ерте жыныстық қатынастың салдары, АИТВ және басқа да жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу жолдарын кеңінен түсіндірді.
Айта кетейік, мамандар 18 мамыр – ЖИТС-тен көз жұмғандарды еске алудың халықаралық күні екенін еске салып, жастарды денсаулықты сақтауға және қоғамда белсенді болуға шақырды.