Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

«Садыхан» ОКДМО базасында семинар өтті

🔹2025 жылғы 23 мамырда Тараз қаласындағы «Садыхан» ОКДМО базасында «Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС бойынша эпидемиологиялық жағдай. Нормативтік-құқықтық актілер. Халықты АИТВ-инфекциясына скринингтен өткізу. АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» тақырыбында ақпараттық семинар ұйымдастырылды.
🔹Семинардың негізгі мақсаты – Жамбыл облысы мен еліміздегі АИТВ-инфекциясының таралу деңгейі, осы бағытта енгізілген жаңа нормативтік-құқықтық актілер, мақсатты контингенттерді скринингтен өткізу тәртібі және АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары жөнінде медицина қызметкерлерін жан-жақты ақпараттандыру.
🔹Іс-шараны Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің эпидемиолог-дәрігері Д. Абдраманова жүргізді.
🔹Семинар барысында АИТВ инфекциясының таралуы мен жұқтыру жолдары, жаңа заңнамалар, жүкті әйелдер мен реципиенттерге скринингтің маңыздылығы, биоматериалмен дұрыс жұмыс істеу тәртібі және АИТВ-ның алдын алу жолдары қарастырылды. Сондай-ақ стигма мен кемсітушілікпен күрес және медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі бойынша кеңестер берілді. ​
✅Семинар Жамбыл облысындағы АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес бағытында кәсіби өзара әрекеттестік пен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ денсаулық сақтау мамандарының білімін жетілдіруге бағытталды.