Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің мамандары – эпидемиолог-дәрігерлер И.Досымова мен А.Сагадиева – №9 қалалық емхананың медицина қызметкерлеріне семинар өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – медицина қызметкерлерін АИТВ инфекциясының республика және өңір бойынша таралу деңгейімен, жаңа нормативтік-құқықтық құжаттармен, сондай-ақ АИТВ инфекциясына қатысты міндетті құпия медициналық тексеру ережелерімен таныстыру болды. Сонымен қатар, АИТВ инфекциясының алдын алу, кәсіби қауіпсіздік, шұғыл жағдайларда әрекет ету алгоритмдері туралы кеңінен түсіндірілді.
Семинар барысында қатысушылар АИТВ инфекциясына байланысты маңызды әрі өзекті ақпарат алып, жұмыс барысында қауіпсіздікті сақтаудың нақты жолдарын меңгерді. Мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.