🔹2025 жылғы 30 мамыр күні Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мәжіліс залында «АИТВ инфекциясының кеш анықталу жағдайларын зерттеп-қарау тәртібі. АИТВ-инфекциясының бар болуына биоматериал алу ережесі» атты семинар өткізілді.
🔹Іс-шараға Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының мамандары, сондай-ақ облыстық, қалалық және аудандық емдеу-алдын алу ұйымдарының емдеу ісі жөніндегі орынбасарлары, жалпы тәжірибелік дәрігер меңгерушілері мен ЖИТС бойынша жауапты медицина қызметкерлері қатысты.
🔹Семинарды орталықтың бас дәрігерінің міндетін атқарушы Г.Қалметова ашып, қатысушыларды семинардың мақсат-міндеттерімен таныстырды.
🔹АИТВ-инфекциясын эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі м.а. Г.Ахметова облыста жүргізіліп жатқан эпидемиологиялық зерттеулер туралы баяндап, АИТВ-ның алдын алу бағытындағы шаралардың тиімділігіне тоқталды.
🔹Сонымен қатар, емдеу-алдын алу көмек бөлімінің меңгерушісі Фируза Ниязалиева мен клинико-диагностикалық зертханасының меңгерушісі Венера Каримова қатысушыларға өз бағыттары бойынша тәжірибелік және әдістемелік ақпарат ұсынды.
🔹Семинардың басты мақсаты – мамандардың кәсіби білімін арттырып, АИТВ инфекциясын ерте анықтау, дұрыс диагностикалау және сапалы зерттеу жүргізу мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
✅АИТВ-ның таралуын болдырмау – әрбір медицина қызметкерінің кәсіби жауапкершілігі. Ерте анықтау – тиімді ем мен қауіпсіз болашақтың кепілі!
Жамбыл облысында АИТВ инфекциясын кеш анықтау мен биоматериал алу тәртібі бойынша семинар өтті
