Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 4 маусымда Жамбыл облыстық иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мәжіліс залында салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиын барысында орталықтың ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі О.Абдикеримова қызметкерлерді мерекемен құттықтап, Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың патриоттық борышы екенін атап өтті. Мемлекеттік рәміздердің – Ту, Елтаңба және Әнұранның – еліміздің егемендігі мен тұтастығының нышаны екені, олардың тарихы мен маңызы туралы айтылды.
Іс-шара елжандылықты арттыру, мемлекеттік нышандарға деген құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
Жиында орталық қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындап, қатысушылар рәміздерге деген құрметтерін білдірді.