Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

🔰 АИТВ-дан сақтану – жауапты өмір салтының кепілі

🔹 Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің «№25 мекеме» қызметкерлерімен ақпараттық-алдын алу бағытында кездесу өткізді. Шараның мақсаты – 🔹Семинардың негізгі мақсаты – репродуктивті денсаулықты сақтау мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жыныстық жолмен берілетін инфекциялар (ЖЖБИ) мен адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) алдын алу жөнінде кешенді түсіндіру жұмыстарын жүргізу. АИТВ инфекциясының жұғу жолдары мен алдын алу жолдарын түсіндіру, сондай-ақ қауіпті вирустық гепатиттердің (В және С түрлері) таралуының алдын алу.

🔍 Мамандар қызметкерлерге АИТВ-ның қазіргі таралу үрдісі, қауіп факторлары, дер кезінде анықтау мен ем қабылдаудың маңыздылығы жайында нақты деректер келтіріп, сұрақ-жауап жүргізді. Әсіресе, қорғану шаралары мен салауатты өмір салтының АИТВ-дан сақтанудағы рөліне баса назар аударылды.

📚 Кездесуге қатысушыларға ақпараттық материалдар – жадынамалар мен парақшалар таратылып, әрбір қызметкердің жеке сауаттылығын арттыруға бағытталған кеңестер берілді.

✅ Шара аясында 54 қызметкерден ИФА әдісімен (иммуноферменттік талдау) қан үлгісі алынып, қосымша 8 адам жедел тестілеуден өтті. Зерттеу қорытындылары жеке тәртіпте хабарланатын болады.

🛡 Денсаулық – басты байлық. Ал АИТВ-дан қорғану – өз өмірімізге деген жауапкершіліктің көрінісі. Қауіптің алдын алу – әр азаматтың қолынан келеді.