Бүгінде АИТВ (ВИЧ) инфекциясы туралы жалған ақпарат пен қорқыныш сезімі әлі де қоғамда кездеседі. Бірақ шын мәнінде, АИТВ жұқтырудан сақтану жолдары бар, ал ерте анықталған жағдайда – толыққанды өмір сүруге болады!
❓ АИТВ дегеніміз не?
АИТВ – адамның иммун тапшылығы вирусы. Бұл вирус уақыт өте келе иммун жүйесін әлсіретіп, егер ем қабылданбаса, ЖИТС-ке (СПИД) әкелуі мүмкін.
📌 ЖИТС қалай жұғады?
• Қорғаныссыз жыныстық қатынас арқылы
• Вирус жұққан қанмен (мысалы, стерильді емес ине қолдану)
• Жүктілік кезінде анадан балаға
❌ ЖИТС қалай жұқпайды:
• Құшақтасқанда, қол алысқанда
• Ортақ ыдыс, киім немесе бассейн қолданғанда
• Масалар арқылы
✅ Қалай қорғануға болады?
• Қауіпсіз жыныстық қатынас (мүшеқапты қолдану)
• Жеке гигиеналық құралдарды бөлек қолдану
• АИТВ-ға уақытылы, ерікті әрі анонимді түрде тест тапсыру
• Тұрақты ақпарат алу
🎯 АИТВ анықталса – бұл өмірдің соңы емес!
Заманауи антиретровирустық терапия арқылы вирус бақылауға алынады, ал адам ұзақ және сапалы өмір сүре алады.
📍Тегін әрі анонимді тексерілгіңіз келе ме?
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығына жүгініңіз!
➡️Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі №64/Г.
Жамбыл облыстық ЖИТС орталығы.