Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Халықпен тиімді түсіндіру жұмыстары жүргізілді

 

🔰Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы бірқатар қоғамдық орындарды аралады.
Атап айтқанда, нотариус кеңселері, ломбардтар, шаштараздар, Coffees
FOOD орындары сынды кәсіпкерлік нысандарда тұрғындармен ақпараттық-насихаттау жұмыстары жүргізілді.

🔹 Кездесу барысында АИТВ инфекциясының таралу жолдары, жеке қорғану тәсілдері мен алдын алу шаралары кеңінен түсіндірілді.

📄 Сонымен қатар, тұрғындардың ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында арнайы парақшалар үлестіріліп, мамандар тарапынан қажетті кеңестер берілді.