Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы “Олимп” медициналық орталығы мен “AruDent” стоматологиялық клиникасында ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізді.
🔹 Іс-шара барысында қызметкерлер мен емделушілерге АИТВ жұқпасының берілу жолдары, жеке қорғану әдістері және алдын алу шаралары туралы түсініктеме берілді.
📄 Халықтың ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық материалдар таратылып, мамандар тарапынан қажетті кеңестер ұсынылды.