Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Бірқатар нысандарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді

🔰 Жамбыл облыстық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының мобильді тобы Тараз қаласындағы бірқатар қоғамдық және кәсіпкерлік нысандарда ақпараттық-ағарту жұмыстарын ұйымдастырды.

🔹 Іс-шара барысында қала тұрғындарына АИТВ инфекциясының берілу жолдары, жеке сақтану әдістері мен алдын алу шаралары жөнінде кең көлемде ақпарат берілді.
Атап айтқанда, банк бөлімшелері, “Теле2” байланыс орталығы, турфирма, “Анель” қонақ үйі, маникюр салондары, “Скарлетт” және “Корзинка” дүкендері сияқты орындар қамтылды.

📄 Тұрғындардың ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық парақшалар таратылып, мамандар тарапынан қажетті кеңестер ұсынылды.

✅ АИТВ -туралы уақтылы ақпарат алыңыз, денсаулығыңызға немқұрайлы қарамаңыз!