🔰АИТВ-ның алдын алу – әр азаматтың денсаулығы үшін маңызды!
🔹2025 жылдың тамыз айының 18-жұлдызында Жамбыл облыстық ЖИТС алдын алу және онымен күрес орталығының психолог маманы Г.Шамурзаева, мейірбикелер А. Кокибаева мен А. Науанова Тараз қаласы, Жайлау мөлтек ауданында орналасқан бірқатар нысандарда АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹Атап айтқанда, келесі мекемелер қамтылды:
• “Дракоша” зоо дүкені
• “Сұлушаш” шаштараз салоны
• Оптика “Көз”
• “KAMILA” сұлулық салоны
• “Беременяшка” балалар киім дүкені
• “InStep” аяқ киім дүкені
• “Каусар” кафесі
• Сантехника дүкені
• “Царь” шаштаразы
• “ERSAG” компаниясы
• “pazPost” мекемесі
• Балалар тауарлары дүкені
• Жаяу жүргіншілер жолы (тротуарлар)
✅Түсіндіру жұмыстары барысында халыққа АИТВ инфекциясының таралу жолдары, алдын алу шаралары, тегін әрі құпия түрде тест тапсыру мүмкіндіктері туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, тұрғындарға ақпараттық бүктемелер (парақшалар) таратылды.
🔹Мақсат – халықтың салауатты өмір салтын ұстануына ықпал етіп, АИТВ инфекциясына байланысты қоғамдағы стигма мен кемсітушілікті жоюға атсалысу.
📢 Есіңізде болсын: АИТВ – ол үкім емес! Ерте анықталса, емделіп, сапалы өмір сүруге толық мүмкіндік бар.
📍 Анонимді тексерілу – әр адамға қолжетімді.