✅Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес орталығының психолог маманы Г.Шамурзаева мен мейірбике А. Кокибаева Тараз қаласындағы бірқатар мекемелерде кезекті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, ақпараттық іс-шаралар келесі нысандарда өтті:
🔹 «Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі»
🔹 «Жамбыл Стандарт», «Нотариус», «Tupperware»
🔹 «Евро Тараз» валюта айырбастау пункті
🔹 «Comfort Time» ипотека орталығы
🔹 «Арбат» асханасы, «Bereke Food» жартылай фабрикаттар дүкені
🔹 Косметика дүкендер желісі
🔹 Жеке сот орындаушысы кеңсесі
🔹 «CREED» сұлулық студиясы
🔹 «Шерхан Мұртаза» атамұра корпорациясы
🔹 «NISHE» иіс су дүкені
🔹 «ЮТА» компьютер орталығы
🔹 «La Belle» сән студиясы
🔹 «Жамбыл» қонақ үйі
Шара барысында мамандар тұрғындарға АИТВ инфекциясының алдын алу жолдары мен қауіпсіз мінез-құлық дағдылары туралы толыққанды ақпарат беріп, қойылған сұрақтарға кәсіби түрде жауап берді. Сонымен қатар, ақпараттық бүктемелер таратылды.
📢 Мұндай шаралар жұртшылықтың ақпараттылығын арттыруға және АИТВ-мен байланысты стигманы азайтуға бағытталған.