🔰Бүгін Тараз қаласында «Қазфосфат» зауытының алаңында өткен «Жұмысшы жастар аманаты» атты облыстық жастар форумына Жамбыл облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күрес жүргізу орталығының жас мамандары да қатысып, белсенділік танытты.
🔹 Форум жұмысы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Шара аясында қатысушылар өңірдегі ірі өндіріс орындары мен кәсіпорындардың көрмесімен танысты.
🎼 Бұдан кейін форум Кенен Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасына ұласып, қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.
🔹Форум барысында Абай атындағы Жамбыл педагогикалық колледжінің шығармашылық ұжымы арнайы театрландырылған көрініс ұсынды.
🔹Форумда алғашқы болып сөз алған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Еңбек Ері Мұқаш Ескендіров және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек жастарды еңбекке, жауапкершілікке, ұлт болашағына үлес қосуға шақырды. Сонымен қатар, «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова форумға қатысып, жұмысшы жастарға арналған мемлекеттік қолдаулар мен жаңа бастамалар туралы айтты.
👷♂️ Әрі қарай әртүрлі кәсіпорындарда еңбек етіп жүрген белсенді жастар өз сөзін сөйлеп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
✅Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының жас мамандары осындай маңызды шараларға қатысу арқылы қоғаммен байланысын нығайтып, белсенділік көрсетуде.