«Aspan Profile Technology» терезеге арналған жинақтаушы бөліктерін шығаратын «АБНА» ЖШС жұмысшыларына АИТВ инфекциясының алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру шарасы өтті.
Іс-шараны облыстық ЖИТС орталығының мамандары ұйымдастырып, АИТВ/ЖИТС-тің жұғу жолдары, қорғану тәсілдері, ерте диагностиканың маңыздылығы мен стигмаға қарсы күрес мәселелері жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында жұмысшылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты әрі кәсіби жауаптар алды. Сонымен қатар, қатысушыларға ақпараттық материалдар таратылды.