Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Жолдаудағы міндеттер – ортақ жауапкершілік

2025 жылғы 8 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялады. Бұл стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беріп, мемлекеттік басқару мен қоғам өмірінің түрлі салаларын жаңғыртудың бағыт-бағдарын айқындап берді.

Президент өз Жолдауында қазіргі таңда еліміздің алдында тұрған маңызды мәселелерді ашық айтып, оларды шешудің нақты әрі тиімді тетіктерін ұсынды. Денсаулық сақтау саласында халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіру, саланы цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын пайдалануды кеңейтуді қажеттігін баса айтты.

Жолдауда көтерілген мәселелер – біздің күнделікті қызметімізге тікелей қатысты. Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының ұжымы Президент Жолдауын үлкен ықыласпен қабылдай отырып, онда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға барынша үлес қосуға дайын.

Президент Жолдауында белгіленген стратегиялық мақсаттар – еліміздің тұрақты дамуына, ұлт денсаулығының нығаюына және қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Бұл – әрбір медициналық ұйым мен мамандарға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Жамбыл облыстық  жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және онымен күрес жүргізу  орталығының бас дәрігері, Б.Д.Қыдырбаев.