Қазақстан Республикасы, Тараз
Төле би даңғылы, 64г (картада)
aidstaraz@med.mail.kz
Қабылдау бөлмесі: +7 (7262) 45-65-32
Сенім телефоны: +7 (7262) 45-65-32
call center: +7 (7262) 45-65-32

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінде АИТВ-ның алдын алу бойынша дәріс өтті

Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының жылжымалы тобы «АИТВ-ға қарсы күрестегі қиындықтардан – тиімді өзгерістерге» ұранымен университет студенттерімен кездесу өткізіп, АИТВ инфекциясының алдын алу тақырыбында ақпаратты дәріс жүргізді.

Кездесу барысында мамандар АИТВ-инфекциясы мен жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың (ЖЖБИ) таралу жолдары, олардың алдын алу әдістері, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану және стигма мен кемсітушілікті болдырмау мәселелерін кеңінен түсіндірді.

Іс-шара аясында студенттерге АИТВ тақырыбы бойынша бейнеролик көрсетіліп, ниет білдірген жастарға жылжымалы зертханалық пунктте жедел тестілеу жүргізілді.

Сонымен қатар, қатысушыларға АИТВ-ның алдын алу және кемсітушілікке жол бермеу жөніндегі ақпараттық материалдар мен бүктемелер таратылды.